Жаңалықтар

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра»

Күй - қазақ ұлтымен, қазақ қанымен бірге қайнасып, бірге жасасып келе жатқан киелі мұра. Бүгінде күй өнерін дамытуға үлес қосып жүрген белгілі күйші композитор, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры Айбек Бекбосынмен "Семей таңы" газетінің тілшісімен сұхбаты Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз

Сайлауға бір кісідей қатыстық

Бүгінгі күн - келешек үшін. Осы сәтті қалт жібермей, саяси науқаншылық деп қарамай, еліміздің болашағы үшін алаңдаған әрбір өнерпаз және өнер ордасын басқарып отырған филармония директоры Айбек Бекбосын мырза бастаған әріптестер толығымен сайлауға бір кісідей қатысты. "Әр қайсысы өз таңдауын жасады.
 

Абай тойының қорытынды концерті "SEMEI" телеарнасында

Қадірменді өнерсүйер қауым! Сіздерді келе жатқан Жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Жылдың алғашқы күні, яғни 2021 жылдың 1 қаңтар күні сағат 19:05-те "SEMEI" телеарнасынан Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған қорытынды концертімізді тамашалай аласыздар!
 

"Әміре" медалі мен Алғыс хаттар табыс етілді

Жыл басынан бері "Әміре әлемі" ұжымында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, Филармонияның құрылғанына мерейлі 75 жыл толуына орай бірқатар әріптестер "Әміре" медалі мен Алғыс хаттарға ие болды. Марапаттау рәсімінде сөз алған ұжым басшысы Айбек Бекбосын мырза: "Бұл марапаттар атқарылған жұмыстың жемісі, бұнымен тоқтап қалмай алдағы жылы екі есе еңбек етуге бастама болсын" - деп, түйіндеді.

"Абай" медалі табыс етілді

Бірер күн бұрын Халықаралық Абай атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорынан ақжолтай хабар филармония директоры Айбек Бекбосынның атына жеткен болатын. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "АБАЙ" медалін ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Е.С.Жұрынбаев табыс етті.

Ұлттық арна мен 24 арна жаңалықтары

Ұлттық рух асқақтаған, әуезді әуенге толы кеш Ұлттық арнаның жаңалықтар тізбесінде. Концерттің эфирлік нұсқасын алдағы күндері көретін боласыздар!

БАҚ өкілдері жарыса жазған қорытынды кешіміз аяқталды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Мәдениет басқармасының Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған қорытынды көрерменсіз концерті өтті. 

ҚУАНЫШТЫ КҮНДЕРДЕН КЕЙІНГІ ТАҒЫ БІР ҚУАНЫШ...

Белгілі күйші-композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі, "Әміре әлемі" ұжымының басшысы Айбек Бекбосын "АБАЙ" мерейтойлық медалімен марапатталды. Айбек Серікболсынұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен, Абай атындағы Халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының қоғамдық кеңесінің 10.08.2020 жылғы шешімімен ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегі үшін атаулы марапатқа ие болды.

ҚУАНЫШТЫ КҮНІ ТАҒЫ БІР ҚУАНЫШ...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Еліміздің мәдениет пен өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін" министр Ақтоты Райымқұлова ханымның қолы қойылған Алғыс хаттар келді. Алғыс хат иегерлерін толығырақ Тақырып батырмасын басу арқылы біле аласыздар!

Қуаныштарымызды қуанышқа жалғаған күн алдындағы қуаныш....

Еліміздің түпкір-түпкірінде әр салада қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлер ҚР Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Әріптесіміз Берік Құдайбергенұлы Омаров Жарлыққа сәйкес "Ерен еңбегі үшін " медалімен наградталды. Толығырақ Тақырыпты басыңыз

Мереке күндері бірнеше концерт ұсынамыз

"Тәуелсіздік күні" мерекелік демалыс күндері Сіздерге «Семей» телеарнасы арқылы ұсынылатын концерттік бағдарламаларымызды ұсынатын боламыз! «Тұмар» би ансамблінің, Дәстүрлі ән кеші, Күмбірлеген күй кеші концерттерін Тақырып батырмасын басу арқылы көрсетілім кестесін көре аласыздар!

 

Атаулы сый-марапат өз иегерлерін табуда

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен телевизия форматындағы «Сәлем, Елорда!» І республикалық өнер фестивалінің Статуясы беріледі және "Мәдениет саласының үздіктері" медалінің иегерлері асыға күтуде. Тоығырақ Тақырыпты басыңыз

Әріптесіміз "Халық алғысына" ие болды

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылдың 14 қыркүйектегі Жарлығымен әріптесіміз Құмар Асқар Қанатұлы "Халық алғысы" медалімен марапатталды. Әлемдік пандемия салдарынан орын алған төтенше жағдай, карантин уақытында көрермен қауымға әлеуметтік желілер арқылы берілген онлайн шараларды ұйымдастырғаны үшін табыс етілді.

БІРЛЕСКЕН КОНЦЕРТ БЕРІЛДІ

Облыстық деңгейде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай "Ертіс концерт" ұйымымен бірлесіп өткізген мерекелік концерт "ALTAI" телеарнасы арқылы көрсетілді.
Әміре әлемінің әртістері келесідей өнер көрсетті. Толығырақ Тақырыпты басыңыз

Ғасыр тұлғасы

Құрметті өнерсүйер қауым және мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері! 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге арналған мерекелік "Ғасыр тұлғасы" атты концерттік бағдарламаны "Семей" телеарнасы 2020 жылдың 1 желтоқсан күні сағат 21:10-да ұсынатын болады. Концертімізді мына сілтеме арқылы онлайн көре аласыздар: https://semeytv.kz/kz/online