Байқаудың жүлде қоры анықталды

Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Домбыра күніне» арналған «ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛАР...» атты Халықаралық домбырашылар онлайн-байқауының жүлде қоры белгілі болды.

Байқаудың жүлде қоры анықталды

Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Домбыра күніне» арналған «ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛАР...» атты Халықаралық домбырашылар онлайн-байқауының жүлде қоры

🥇 Бірінші орын иегері 300 мың теңге;

🥈 Екінші орынның жүлдесі 200 мың теңге;

🥉 Үшінші орын үшін 100 мың теңге.

💲 Екі дипломантқа 50 мың теңгеден ақшалай сыйлық беріледі.

Байқауды ұйымдастырушылар қосымша төменде көрсетілген инстаграм парақшасында ең көп лүпіл жинаған қатысушыға 50 мың теңге ақшалай сыйлық тігіп отыр.

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының құрылғанына 75 жыл толуына орай «КӨРЕРМЕН КӨЗАЙЫМЫ» ақшалай сыйлық 50 мың теңге алады.