Жаңалықтар

«Алаштың айнасы» «SEMEI» телеарнасына 55 жыл.

Филармония директоры Айбек Серікболсынұлы арна басшысы Хасен Советханұлын және ұжымды құттықтап, естелік сыйлық табыс етіп қайтты. Артынша жоспарға сәйкес белгіленген «Өнеге» бағдарламасының қонағы ретінде қатысты. 

Жаңа бейнебаянның тұсауы кесілді

Ұлттық арна ақжолтай хабарымен филармония ұжымы Хәкім Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойы аясында «Татьянаның әні» әніне әзірлеген бейнебаянның тұсауын кесті.
 

ЖАҢА ИДЕЯ ЖАҢА БАСТАМА

Жыл басынан бері басшылыққа келген күйші-композитор, филармония директоры Айбек Бекбосынның жобалары жүзеге асырылуда. Хәкім Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай «Өзгеге көңілім, тоярсың...», «Татьянаның әні» әндері 8 дауысқа бөлініп орындалған нұсқасы жаңа бейнебаянмен дүйім жұртқа ақжолтай сүйіншімен жол тарптпақ.  «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында 2020 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 09:30-да және «Қазақ радиосынан» сағат 18:00-де эфирге шығады. 

Жүлдегерлер есімі анықталды

Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» дәстүрлі әншілер онлайн-байқауының жүлдегерлері: 🏆Бас жүлде - Слямғали Дәуренбек, 1-ші орын - Оралбаев Қуаныш, 2-ші орын - Айтахметов Біржан, 2-ші орын - Өсербай Ақжол, 3-ші орын - Ідірбай Байбақты, 3-ші орын - Тажиев Жасұлан, 3-ші орын - Мұқашев Таңат.

Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз! 

Онлайн байқаудың 2 кезеңі қорытындыланды

Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауының 2 кезеңі де артта қалды. Барлық жүлде салған әншілеріміздің бәйгелі орындарын 2020 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 15:00де инстаграмдағы @amire.filarmoniia.semei паракшасынан тікелей эфирден көріп біле аласыздар!

Әншілер екінші кезеңге өтті

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өткізілген Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» дәстүрлі әншілер онлайн-байқауының 2 кезеңіне өткендердің тізімін жариялаймыз!

Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз!

Танымал композитор жаңа туындыны оркестрге өңдеді

Халық музыкасын оркестрге салып өндеуші Ермұрат Үсенов арнайы сапармен Семейге филармонияның директоры Айбек Бекбосыновтың шақыруымен келді. Келгендегі себеп, күйші-композитор Айбек Бекбосынның су жаңа туындысы Хәкім Абай атамыздың 175 жылдығына арнап шығарған күйін оркестрге арнап түсіру еді.

КЕЗ КЕЛГЕН БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ...

КЕЗ КЕЛГЕН БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ...
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын көпшілік ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайына тың серпін берер деген көңілмен қабылдады.

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония директоры Айбек Бекбосыновтың пікірі. Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз!

25 әнші бақ сынайды

2020 жылдың 1 мен 5 қыркүйек күндері аралығында Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауында 25 әншінің өтінімі қабылданды. Байқаудың 1 кезеңінде ән атасы - Әміре үнтаспада сақталған репертуарынан бір ән және Абай Құнанбайұлының бір әні орындалады.
2 кезең Онлайн режимде өтеді. Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз!

Дәстүрлі әншілердің онлайн-байқауы жарияланды

2020 жылдың 1 мен 5 қыркүйек күндері аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауын ұйымдастырады.

Челлендж қабыл алынды және жолданды

Қазақтың ән өнерінде өшпес із қалдырған композитор, әнұранымыздың авторы, Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақконцерт» ұйымынан жолданған челленджді филармония ұжымы зор қуанышпен қабыл алды. Қарт Ертістің бойы ән атасы Әміре әлемінен киелі Көкше жері Үкілі Ыбырай есімін иеленген өнер ұжымына челлендж жолданды.

Абай күні белгіленді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес 10-тамыз Абай күні деп белгіленді. Қазақтың бас ақыны, Хәкім Абай атамыздың 175 жылдығына орай барша қазақстандықтарды "Абай күні" мерекесімен филармония ұжымы құттықтайды. Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз!

Алғыс хат табысталды

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының атынан ұжым басшысы Бекбосынов Айбек Серикболсыновичке Алғыс айтқан лебізі келіп жетті.

Дүниені дүрбелеңге салған #коронавирус #пандемия кезінде өнерсүйер қауымды ән-бимен қауыштырған еселі еңбекті еңбек деп бағалау және де бұл Алғыс білікті басшы басқарып отырған бүкіл ұжымға арналып отыр.

Белгілі өнер қайраткері дүниеден озды

Филармонияның директоры қызметін атқарған, оркестрде дирижерлық жасап, кәсіби деңгейге жеткізуге елеулі үлесін қосқан, жүздеген ән-күйлердің авторы, композитор, қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің үздігі, профессор Сейтқазы Оразғали Жүнісбекұлы дүниеден өтті. Филармония ұжымы атынан туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз! Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз... Әріптесіміздің өмір өткелдері туралы ақпар алғыңыз келсе

13 шілде Ұлттық аза тұту күні

13 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын мәлімдеген болатын. «Көптеген елде жағдай бізден де қиын. Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз