Филармония туралы

Қазақ өнерінің қара шаңырағының бірі – облыстық Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының құрылғанына 2020 жылдың қазан айында 75 жыл толады.

1945 жылдың қазан айында Республикалық Жамбыл атындағы филармониясына қарасты Семейдің концерттік- эстрадалық бюросы (КЭБ) ашылып, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Семей облыстары аймағында концерттік жұмыстар жүргізе бастады. Казақ ССР Министрлер Советі жанындағы Өнер істері жөніндегі басқарманың 1947 жылдың 17 қаңтарындағы № 13 бұйрығымен Семейдің концерттік- эстрадалық бюросы Республикалық Жамбыл атындағы филармониясы қарамағынан алынып, Семей облыстық атқару комитетінің Өнер істері жөніндегі бөлімінің қарамағына берілді.

1965 жылдың 19 тамызы күні қабылданған Қазақ ССР Мәдениет министрлігі алқасының қаулысы және бұрынғы Семей облыстық еңбекшілер депутаттары Кеңесі атқару комитетінің 1965 жылы 19 қараша күні № 511-22 шешімі негізінде Семей облыстық мемлекеттік филармониясы құрылды.

Қазақ ССР Министрлер Советінің 1969 жылғы 29 шілде күнгі қаулысымен филармонияға атақты әнші Әміре Қашаубаевтың аты берілді.

Осы жылдары Ә.Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясында қазақ өнерінің айтулы қайраткерлері еңбек етті. Бұл күнде өмірден озған Қазақстанның халық артисі Мәдениет Ешекеевті, Қазақстанның еңбек сіңірген артистері Болат Сыбановпен Дауыл Хайруллин ҚР Мәдениет қайраткерлері Келденбай Өлмесеков, Роза Байдалина, филармония директорлары – Мәулен Масалимов, Мархаба Есболатова, Сағи Мекішов, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, дирижер, профессор Мырзағали Айдаболов, дирижер ҚР мәдениет қайраткері Рахымбек Ноғайбаев, көркемсөз шебері Ануарбек Иманғожин, композитор Жолдыбай Дәстенов, талантты музыкант Ғабит Көпбаевт, бас әкімші Рымғали Мамырхановтарды филармония ұжымы әрдайым құрметпен еске алады.

Филармонияда әр жылдары директор қызметін М.Валитов, Маулен Масалимов, Есболатова, Мархаба Керемкулова,Сағи Макишев, Мұрат Әлин, Балтабек Ерсәлімов, Аймұханбет Бейсембеков, Оразғали Сейтқазы, Адай Азаматов атқарса, қазіргі уақытта Айбек Бекбосынов басқаруда.

Филармониясының шығармашылық ұжымдары мен әншілері әр жылдары Франция, Германия, Испания, Италия, Венгрия, Россия, Украина, Қытай, Түркия, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. алыс-жақын шет елдерде өнер көрсеткенсе, 1992 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздігінің бір жыл толуына орай Москваның әлемге әйгілі Чайковский атындағы концерт залында мерекелік концерт берді.

Филармониясының шығармашылық ұжымдары мен әншілері әр жылдары Франция, Германия, Испания, Италия, Венгрия, Россия, Украина, Қытай, Түркия, Монғолия, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. алыс-жақын шет елдерде өнер көрсеткенсе, 1992 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Тәуелсіздігінің бір жыл толуына орай Москваның әлемге әйгілі Чайковский атындағы концерт залында мерекелік концерт берді.

Айбек Серікболсынұлы Бекбосынов

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония директоры

  • Айбек Бекбосынов 26 мамыр 1983 жылы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде, Қазақ Ұлттық музыка академиясында (Шабыт), Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде білім алған.

  • Мәдениет саласының үздігі. Республикалық «Құрманғазы» атындағы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. «Елбасы толғауы», «Алаш ұраны», «Саржал», «Мәңгілік», «Шәкәрім», «Тарбағатай», «Қорғалжың», «Дала» сынды халыққа кең тараған күйлердің авторы.

  • Жаңа қызметке дейін Айбек Бекбосынов Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Өнер орталығында», Қазақ Ұлттық өнер университетінде еңбек еткен.