Құттықтаймыз!!!

"Абай" медалі табыс етілді

Бірер күн бұрын Халықаралық Абай атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорынан ақжолтай хабар филармония директоры Айбек Бекбосынның атына жеткен болатын. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "АБАЙ" медалін ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Е.С.Жұрынбаев табыс етті.

ҚУАНЫШТЫ КҮНДЕРДЕН КЕЙІНГІ ТАҒЫ БІР ҚУАНЫШ...

Белгілі күйші-композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі, "Әміре әлемі" ұжымының басшысы Айбек Бекбосын "АБАЙ" мерейтойлық медалімен марапатталды. Айбек Серікболсынұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен, Абай атындағы Халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының қоғамдық кеңесінің 10.08.2020 жылғы шешімімен ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегі үшін атаулы марапатқа ие болды.

ҚУАНЫШТЫ КҮНІ ТАҒЫ БІР ҚУАНЫШ...

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Еліміздің мәдениет пен өнер саласында атқарған ұзақ жылғы абыройлы еңбегі мен өскелең ұрпаққа еліміздің тарихи құндылықтарын сақтап, саланы дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін" министр Ақтоты Райымқұлова ханымның қолы қойылған Алғыс хаттар келді. Алғыс хат иегерлерін толығырақ Тақырып батырмасын басу арқылы біле аласыздар!

Қуаныштарымызды қуанышқа жалғаған күн алдындағы қуаныш....

Еліміздің түпкір-түпкірінде әр салада қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлер ҚР Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Әріптесіміз Берік Құдайбергенұлы Омаров Жарлыққа сәйкес "Ерен еңбегі үшін " медалімен наградталды. Толығырақ Тақырыпты басыңыз

Әріптесіміз "Халық алғысына" ие болды

Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылдың 14 қыркүйектегі Жарлығымен әріптесіміз Құмар Асқар Қанатұлы "Халық алғысы" медалімен марапатталды. Әлемдік пандемия салдарынан орын алған төтенше жағдай, карантин уақытында көрермен қауымға әлеуметтік желілер арқылы берілген онлайн шараларды ұйымдастырғаны үшін табыс етілді.

"Жұлдыз TV" арнасында жаңа бейнебаян

Әріптесіміз Айдын Өмірбековтің орындауындағы "Елігім еркем" (Әні: Е. Хасанғалиев, Сөзі: Б. Тәжібаев) әніне түсірілген бейнебаян жарық көрді. Идея авторы Айбек Бекбосынов: "Жұлдыз TV" арнасының басшылығына шексіз алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта үлкен жаңалықтармен жаңа бейнебаян түсіру жұмыстарын жалғастыратын боламыз" - дейді.