Қуаныштарымызды қуанышқа жалғаған күн алдындағы қуаныш....
Еліміздің түпкір-түпкірінде әр салада қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлер ҚР Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Әріптесіміз Берік Құдайбергенұлы Омаров Жарлыққа сәйкес "Ерен еңбегі үшін " медалімен наградталды. Толығырақ Тақырыпты басыңыз

Күні кеше ұлттың рухын көтеріп, ел мерейін асыратын ұлық мерекесі қарсаңында еліміздің түпкір-түпкірінде әр салада қажырлы еңбек етіп жүрген қызметкерлер ҚР Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Жарлығымен мемлекеттік наградаларға ие болды. Әріптесіміз Берік Құдайбергенұлы Омаров Жарлыққа сәйкес "Ерен еңбегі үшін " медалімен наградталды.
Б. Омаров - дәстүрлі әнші, «ҚР Мәдениет саласының үздігі», 20 жылдан астам тек мәдениет пен өнер саласында талмай еңбек етіп келе жатқан маман. Алматыдағы Өнер академиясының дәстүрлі ән класын әнші, сазгер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Бекболат Тілеуханнан дәріс алып тәмамдады. Дәстүрлі әннің еліміздегі көрнекті әрі өзіндік өнер өрнегі, өзек үні, әуез сазы бар нәзік те өткір лирик әншілердің бірі. Бірқатар ірі-ірі ән байқауларының лауреаты. Республикалық теле-радио бағдарламалар мен жобаларға қатысушы, оның орындаған әндері қазақ ән өнері туындыларын жинақтайтын «Алтын қорда» сақтаулы.
«Бекеңнің, қазақтың ән өнері сахнасында жүргеніне қаншама жыл. Оған куә біздер үшін қанша марапатқа ие болсын десеңіздер, сонша мақтауға лайық жан деп бағалаймыз. Бұл біздің ортақ жеңіс, жемісіміз!» - дейді филармония директоры Айбек Бекбосын.