ӨНЕР ОРДАСЫНДА - ЖАҢА БАСШЫ

 Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясына күйші, композитор Айбек Бекбосынов директор болып тағайындалды.

ӨНЕР ОРДАСЫНДА - ЖАҢА БАСШЫ

 Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясына күйші, композитор Айбек Бекбосынов директор болып тағайындалды. Өнер ұжымына жаңа басшыны Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Мирас Жұмағұлов таныстырды.

 Айбек Серікболсынұлы Бекбосынов 26 мамыр 1983 жылы Абай ауданы Қарауыл ауылында дүниеге келген. Семейдегі Мұқан Төлебаев атындағы музыка училищесінде, Қазақ Ұлттық музыка академиясында (Шабыт), Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде білім алған.  

Мәдениет саласының үздігі. Республикалық «Құрманғазы» атындағы, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты. «Елбасы толғауы», «Алаш ұраны», «Саржал», «Мәңгілік», «Шәкәрім», «Тарбағатай», «Қорғалжың», «Дала» сынды халыққа кең тараған күйлердің авторы.

Жаңа қызметке дейін Айбек Бекбосынов Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «Өнер орталығында», Қазақ Ұлттық өнер университетінде еңбек еткен. 

«Мәдениет Ешекеев, Болат Сыбанов, Дауыл Хайруллин сынды өнер саңлақтарының құт мекеніне айналған қара шаңыраққа басшылық жасау біріншіден қуаныш, екеншіден жауапкершілік. Алда адамзаттың ақылманы Абай атамыздың 175 жылдығы. Бұл сыналар, шыңдалар сәт. Еңбегіміз жемісті болсын», - деп атап өтті Айбек Серікболсынұлы.

 Айбек Бекбосыновтың ұстазы Серік Малаев, ардагер журналист Мұрат Әлин жаңа басшығы ақ батасын берсе, Семей қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина әріптесіне алдағы жұмысына сәттілік тіледі. 

 Е.ЖАНАТҰЛЫ, Семей қаласы.