Концерттер

Мереке күндері бірнеше концерт ұсынамыз

"Тәуелсіздік күні" мерекелік демалыс күндері Сіздерге «Семей» телеарнасы арқылы ұсынылатын концерттік бағдарламаларымызды ұсынатын боламыз! «Тұмар» би ансамблінің, Дәстүрлі ән кеші, Күмбірлеген күй кеші концерттерін Тақырып батырмасын басу арқылы көрсетілім кестесін көре аласыздар!

 

БІРЛЕСКЕН КОНЦЕРТ БЕРІЛДІ

Облыстық деңгейде 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күніне орай "Ертіс концерт" ұйымымен бірлесіп өткізген мерекелік концерт "ALTAI" телеарнасы арқылы көрсетілді.
Әміре әлемінің әртістері келесідей өнер көрсетті. Толығырақ Тақырыпты басыңыз

Ғасыр тұлғасы

Құрметті өнерсүйер қауым және мәдениет пен өнер саласының қызметкерлері! 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге арналған мерекелік "Ғасыр тұлғасы" атты концерттік бағдарламаны "Семей" телеарнасы 2020 жылдың 1 желтоқсан күні сағат 21:10-да ұсынатын болады. Концертімізді мына сілтеме арқылы онлайн көре аласыздар: https://semeytv.kz/kz/online
 

Қос тұлғаның ұрпағы бас қосады

2020 жылдың 7 қазан күні сағат 16:00-де «Қазақ өнерінің Шамшырақтары» атты көрерменсіз концерті өтеді. Концерт қазақ музыкасының тарихында өшпестей із қалдырған қос тұлға Халық қаһарманы, әйгілі күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл және қазақ вальсінің королі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Елорда күніне арналған концерт

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының "Елорда күніне" арналған мерекелік көрерменсіз концертін бүгін, 6 шілде күні сағат 20:50-де "Семей" арнасынан көре аласыздар!

Жақыныңа жанашыр бол

#ЖақыныңаЖанашырБол айдарымен берілетін кешіміздің әншісі, Республикалық конкурстардың лауреаты Әйгерім Тоқтыбаеваның онлайн концерті 7 шілде күні  сағат 18:00-де тікелей эфирде fb.com/ Семей Филармония. @amire.filarmoniia.semei парақшаларында өтеді.