Қос тұлғаның ұрпағы бас қосады

2020 жылдың 7 қазан күні сағат 16:00-де «Қазақ өнерінің Шамшырақтары» атты көрерменсіз концерті өтеді. Концерт қазақ музыкасының тарихында өшпестей із қалдырған қос тұлға Халық қаһарманы, әйгілі күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл және қазақ вальсінің королі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Ән кешінің басты қонақтары әрі концерттік бағдарламаның дирижерлері Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» мемлекеттік академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрінің бас дирижері, көркемдік жетекшісі Дінзухра Тілендиева және Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрының дирижері Мұхтар Қалдаяқов.
Келген қонақтарымыз жаңадан құрылған Эстрада-симфониялық оркестрі және «Бибігүл» қазақ халық аспаптар оркестрімен бір күн бұрын жұмыс жасап, мастер-класс өткізеді.
Ақпараттық қолдаушы "SEMEI" телеарнасы.