НҰРЛАН ТӨКЕЙ - МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ

Әріптесіміз Төкей Нұрлан Төкейұлын "Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрқиса Мұратұлы марапаттады.

Әкімдік ғимаратында өткен марапаттаудан соң ұжымға келіп: "Айта кетейік, марапаттау рәсімінде қала бойынша тек біздің әріптесіміз ғана осындай құрметке ие болды. Әрине әлі де мұндай құрмет, атақ, грамота бола жатар, алайда дәл бүгінгі мерекеде Нұрлан Төкейұлының марапатталуы мен үшін үлкен мәртебе" - деді филармония директоры Айбек Бекбосын.
Алматының Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясын тәмамдап, ширек ғасыр бойы мәдениет пен өнер саласында талмай еңбек етіп келе жатқан әріптесіміздің еңбегі еленді деген осы.
Н.Төкейұлы шығармашылық жолында 50 ден астам шығармалар мен әндерді қазақ халық аспаптары оркестріне өңдеп 2014 жылдың тамызынан бастап бас дирижерлық қызметін филармонияның «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінде абыроймен жалғастырып келеді.