Құттықтаймыз!!!

Халықаралық музыка күні

Құрметті әнсүйер қауым!
«1 қазан – Халықаралық музыка күні» болып белгіленіп, аталып жүргеніне биыл міне 47 жыл толып отыр. Еліміздің музыка саласында жүрген әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілей отырып, ән мен жырды төгіп, күймен сырын ақтарар еңбектеріңіз сәтті болсын дейміз.
Музыка өнерінің биігінен көріне беріңіздер!
Құрметпен, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры Айбек Бекбосынов

«Алаштың айнасы» «SEMEI» телеарнасына 55 жыл.

Филармония директоры Айбек Серікболсынұлы арна басшысы Хасен Советханұлын және ұжымды құттықтап, естелік сыйлық табыс етіп қайтты. Артынша жоспарға сәйкес белгіленген «Өнеге» бағдарламасының қонағы ретінде қатысты. 

Жаңа бейнебаянның тұсауы кесілді

Ұлттық арна ақжолтай хабарымен филармония ұжымы Хәкім Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойы аясында «Татьянаның әні» әніне әзірлеген бейнебаянның тұсауын кесті.
 

ЖАҢА ИДЕЯ ЖАҢА БАСТАМА

Жыл басынан бері басшылыққа келген күйші-композитор, филармония директоры Айбек Бекбосынның жобалары жүзеге асырылуда. Хәкім Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай «Өзгеге көңілім, тоярсың...», «Татьянаның әні» әндері 8 дауысқа бөлініп орындалған нұсқасы жаңа бейнебаянмен дүйім жұртқа ақжолтай сүйіншімен жол тарптпақ.  «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында 2020 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 09:30-да және «Қазақ радиосынан» сағат 18:00-де эфирге шығады. 

Жүлдегерлер есімі анықталды

Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» дәстүрлі әншілер онлайн-байқауының жүлдегерлері: 🏆Бас жүлде - Слямғали Дәуренбек, 1-ші орын - Оралбаев Қуаныш, 2-ші орын - Айтахметов Біржан, 2-ші орын - Өсербай Ақжол, 3-ші орын - Ідірбай Байбақты, 3-ші орын - Тажиев Жасұлан, 3-ші орын - Мұқашев Таңат.

Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз! 

Абай күні белгіленді

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес 10-тамыз Абай күні деп белгіленді. Қазақтың бас ақыны, Хәкім Абай атамыздың 175 жылдығына орай барша қазақстандықтарды "Абай күні" мерекесімен филармония ұжымы құттықтайды. Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз!