ЖАҢА ИДЕЯ ЖАҢА БАСТАМА

Жыл басынан бері басшылыққа келген күйші-композитор, филармония директоры Айбек Бекбосынның жобалары жүзеге асырылуда. Хәкім Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай «Өзгеге көңілім, тоярсың...», «Татьянаның әні» әндері 8 дауысқа бөлініп орындалған нұсқасы жаңа бейнебаянмен дүйім жұртқа ақжолтай сүйіншімен жол тарптпақ.  «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасында 2020 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 09:30-да және «Қазақ радиосынан» сағат 18:00-де эфирге шығады. 

ЖАҢА ИДЕЯ ЖАҢА БАСТАМА

Жыл басынан бері басшылыққа келген күйші-композитор, филармония директоры Айбек Бекбосынның жобалары жүзеге асырылуда. Оған дәлел, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының әнші-солистерінен құралған акапеллалық топ өз жұмысын бастап кетті.
Алғашқы қадам, әннің репертуарын таңдай отырып, филармония әкімшілігінің арнайы шақыртуымен белгілі хормейстер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Амантай Жұмашев акапеллалық топ октетпен жұмыс жасап қайтқан болатын.
Біраз игі жобаларға тұсау салған пандемия кедергі болды дегенмен, жаңадан құрылған топ өз жұмыстарын тоқтатқан емес. Оның бүгінгі жемісі Хәкім Абай атамыздың 175 жылдық мерейтойына орай «Өзгеге көңілім, тоярсың...», «Татьянаның әні» әндері 8 дауысқа бөлініп орындалған нұсқасы жаңа бейнебаянмен дүйім жұртқа ақжолтай сүйіншімен жол тарптпақ.
Олай болса, жаңа бейнебаяндардың теленұсқасын тамашалау үшін «Қазақстан» Ұлттық арнасының «Таңшолпан» бағдарламасы 2020 жылдың 17 қыркүйек күні сағат 09:30-да қосулы болсын.
Радиотолқыннан да бұл әндердің орындалатанын өнерсүйер қауым ұмытпайық!
«Қазақ радиосынан» сағат 18:00-де эфирге шығады.