Халықаралық музыка күні

Құрметті әнсүйер қауым!
«1 қазан – Халықаралық музыка күні» болып белгіленіп, аталып жүргеніне биыл міне 47 жыл толып отыр. Еліміздің музыка саласында жүрген әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілей отырып, ән мен жырды төгіп, күймен сырын ақтарар еңбектеріңіз сәтті болсын дейміз.
Музыка өнерінің биігінен көріне беріңіздер!
Құрметпен, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры Айбек Бекбосынов

Халықаралық музыка күні

Құрметті әнсүйер қауым!
«1 қазан – Халықаралық музыка күні» болып белгіленіп, аталып жүргеніне биыл міне 47 жыл толып отыр.
Әннің сарыны мен әуезі қазақ даласында қалықтағанына қай заман?
Туғаннан әрқайсымыздың бойымызда ата-бабаларымыздан қалған үніміз бар. Бірақ «әннің де естісі бар, есері бар» деп Хәкім Абай атамыз айтпақшы, есті әнді естір көпшілік қауымға арнап жүрген өнер ордасының ұжымы атынан Сіздерге мерекелеріңіз құтты болсын деп айтамыз.
Еліміздің музыка саласында жүрген әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілей отырып, ән мен жырды төгіп, күймен сырын ақтарар еңбектеріңіз сәтті болсын дейміз.
Музыка өнерінің биігінен көріне беріңіздер!
Құрметпен, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры Айбек Бекбосынов