«Алаштың айнасы» «SEMEI» телеарнасына 55 жыл.

Филармония директоры Айбек Серікболсынұлы арна басшысы Хасен Советханұлын және ұжымды құттықтап, естелік сыйлық табыс етіп қайтты. Артынша жоспарға сәйкес белгіленген «Өнеге» бағдарламасының қонағы ретінде қатысты. 

«Алаштың айнасы» «SEMEI» телеарнасына 55 жыл.

Филармония директоры Айбек Серікболсынұлы арна басшысы Хасен Советханұлын және ұжымды құттықтап, естелік сыйлық табыс етіп қайтты.
Ол өз кезегінде: «SEMEI» телеарнасы елімізде болып жатқан экономикалық-әлеуметтік, мәдени жаңалықтар мен өзгерістердің жаршысы ретінде өңір ахуалын қалың көпшілікке ұсынуда атқарып жатқан еңбектеріңізге тәнтіміз. Теледидар сыртындағы көрермендердің жүргізіліп жатқан бағдарламалар мен түрлі жобаларға деген ықыласы өте зор. Алдағы уақытта да ақпарат айдынында қалықтар әуез бен сазға толы бағдарламаларымыз көрермендерге жол тарта берсін» - деген жылы лебіздерін айтты.
Бірлескен жобалар негізінде екі ұжым арасындағы әріптестік байланыстардың нығаюына алғыс білдіріп, ұжым қызметкерлеріне жемісті еңбек, зор денсаулық, шығармашылық табыстар тіледі.
Ұзақ жылдар телеарнаны басқарған қоғам қайраткері, «Ана тілінің айбары» меділінің иегері Бәтташ Сыдықов атындағы арнайы кабинетпен танысты.
Артынша жоспарға сәйкес белгіленген «Өнеге» бағдарламасының қонағы ретінде қатысты.
Алдағы уақытта арнамыздан бағдарлама барысында қойылған суалдардың жауабын бірге көретін боламыз.