Құттықтаймыз!!!

Жаңа бейнебаян "Хабар" арнасында

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! "Хабар" арнасында жаңа бейнебаянның тұсауы кесілді. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші-композитор Айбек Бекбосынның орындауындағы Түркештің күйі "Көңілашар" көпшілікке жол тартты. Мереке күні көңілдеріңіздің хошы келсін, домбыраның қоңыр үні еліміздің көгінде қалықтай берсін!

Онлайн марапаттау өтті

Халықаралықдомбырашылар онлайн-байқауының марапаттау рәсімі
1 орын Әділбеков Ерасыл -Алматы қ.
2 орын Талапхан Ерболат - ШҚО, 2 орын Сайырхан Ертіс - Нұр-Сұлтан қ.
3 орын Құдайбергенов Дарын - ШҚО, 3 орын Пазылов Серік - Алматы обл., 3 орын Омар Назира - Павлодар обл., 3 орын Серіков Әділет - ШҚО

Дипломанттар Тақырып батырмасын басыңыз!

Ұжымымыз Алғыс хатқа ие болды

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай құттықтау шарасы барысында Әміре филармониясының ұжымы Семей қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

НҰРЛАН ТӨКЕЙ - МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ АТАНДЫ

Әріптесіміз Төкей Нұрлан Төкейұлын "Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрқиса Мұратұлы марапаттады.

ӘРІПТЕСІМІЗ МИНИСТРЛІКТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

«Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің бас аспапшысы Байжомарт Жүсіпбек Ғазизұлы ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мәдениет пен өнер жолында 16 жылдан артық уақыт жемісті еңбек етіп келе жатқан, дарынды музыка маманы.

«Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауында жүлделі І-ші орын алған әріптесіміз, Парасат Отанды шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасы мемлекеттік гимнінің музыкалық авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай ШҚО Зайсан ауданында ақпан айының 28-29 күндері аралығында өткен «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауында жүлделі І-ші орын алған әріптесіміз, филармония әншісі Парасат Отанды шын жүректен жүректен құттықтаймыз!