ӘРІПТЕСІМІЗ МИНИСТРЛІКТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

«Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің бас аспапшысы Байжомарт Жүсіпбек Ғазизұлы ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мәдениет пен өнер жолында 16 жылдан артық уақыт жемісті еңбек етіп келе жатқан, дарынды музыка маманы.

Филармония директоры Айбек Бекбосын әріптесімізді құттықтай келе: "Ұзақ жылдар бір ғана ұжымда істеп келе жатқан маман қандай атаққада болсын лайық. Біздің мақсатымыз бір-бірімізге деген құрметтен басталады" - деп, тілге тиек етті. Ол өз сөзін жалғай отырып: "Жүсіпбекті "Үздік" атағына ұсындық. Алайда, көп ұзамай аларына сенемін" - деді.
​Ж. Байжомарт 2004 - жылдан Семейдің Ә. Қашаубаев атындағы «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінде үздіксіз қызмет істеп келеді. 2007 жылдан «Кербез» фольклорлық ансамбльдің құрамында республикалық және халықаралық конкурстар мен фестивальдерде өнер көрсетіп келеді.
2011 жылы Туркия мемлекеті Бурса қаласында «Бибигүл» қазақ халық аспаптары оркестрі құрамында өнер көрсетті.
2012 жылы Қытай Халық Республикасы Шәуешек қаласында «Кербез» фольклорлық ансамблімен қазақ өнерін танытып қайтты.
2013 жылы А. Жұбанов атындағы «Жұбанов көктемі» конкурсында жақсы өнерімен Лауреат атанды.
2016 жылы А. Жұбанов атындағы «Жұбанов көктемі» конкурсында «Бибигүл» қазақ халық аспаптары оркестрі құрамында жақсы өнер көрсетіп 2-орын иеленіп Халықаралық Лауреат атанған маман.