"Абай" медалі табыс етілді

Бірер күн бұрын Халықаралық Абай атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорынан ақжолтай хабар филармония директоры Айбек Бекбосынның атына жеткен болатын. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "АБАЙ" медалін ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Е.С.Жұрынбаев табыс етті.

"Абай" медалі табыс етілді

Бірер күн бұрын Халықаралық Абай атындағы мәдениет пен өнерді қолдау қорынан ақжолтай хабар филармония директоры Айбек Бекбосынның атына жеткен болатын. Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған "АБАЙ" медалінің иегері өзінің әлеуметтік парақшасында: "Көлге тамған тамшыдай атқарып жатқан еңбегімізді бағалап, елеп ескеріп жатқан сала әкімшілігіне (ҚР Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Е.С.Жұрынбаев), Семейге арнайылап келіп, "АБАЙ" медалін табыс етіп жатқан Халықаралық қордың өкілдеріне (Е.А. Құлжанов, А.Ғафуров) алғысымды білдіргім келеді" - деп, ағынан жарылған жазбасын қалдырды.Марапаттау рәсіміне қатысқан медаль иегерлері мен көпшілік алдында филармония басшысы өзінің авторлық "Телқара" атты күйін қонақкәде есебінде орындап берді.

Құтты болсын! Әріптестерімізге жұғысты болсын!