ҚУАНЫШТЫ КҮНДЕРДЕН КЕЙІНГІ ТАҒЫ БІР ҚУАНЫШ...

Белгілі күйші-композитор, ҚР Мәдениет саласының үздігі, "Әміре әлемі" ұжымының басшысы Айбек Бекбосын "АБАЙ" мерейтойлық медалімен марапатталды. Айбек Серікболсынұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен, Абай атындағы Халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының қоғамдық кеңесінің 10.08.2020 жылғы шешімімен ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегі үшін атаулы марапатқа ие болды.

Өзінің ұйытқы болуымен Ұлы ақынның мұрасын насихаттау мақсатында 14 шет мемлекет өкілдерінің басын қосқан Абай атамыздың әніне челленджін, 175 жылдық мерейтой аясында тұңғыш Халықаралық домбырашылар онлайн-байқауын, Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі әншілердің онлайн-байқауын, "Дала үні" акапеллалық тобының орындауындағы екі әнге бейнебаян түсіріп, Ұлттық арна арқылы тұсаукесерін, авторлық "Телқара" күйін мерейтойға арнап шығарып, оның "Хабар" арнасы арқылы насихатталуына жұмыс жасап, ұйымдастырды. Күні ертең болатын Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының қорытынды концертін ұйымдастыру идеясының авторы ретінде ізгілікті істердің басында жүрген басшы ғана емес, өнерге үлкен жанашырлықпен қарайтын қайраткер деп білеміз.

"Әміре әлемінің" шығармашылық ұжымы айтулы төсбелгіңізбен шын жүректен құттықтайды! Абырой беделіңіз арта берсін!