Атаулы сый-марапат өз иегерлерін табуда

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен телевизия форматындағы «Сәлем, Елорда!» І республикалық өнер фестивалінің Статуясы беріледі және "Мәдениет саласының үздіктері" медалінің иегерлері асыға күтуде. Тоығырақ Тақырыпты басыңыз

Атаулы сый-марапат өз иегерлерін табуда

«Арманым әріптестерімді көтеру...» Филармония директоры Айбек Бекбосын өз қуанышын: «Ия, рас! Арманым. Дәл ұлттық мереке күні қарсаңында аспаннан жұлдыз жауғандай. Көкірегім көкке бес елі жетпей тұрғандай» - деп, әріптестік көңілін жеткізіп, марапаттарды көрсетті. Алдағы уақытта қолымызға куәлік, медальдер тиген соң салтанатты түрде түрде марапаттау жүргізілетін болады. ​ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен телевизия форматындағы «Сәлем, Елорда!» І республикалық өнер фестивалі өткен болатын. Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға және биыл республика көлемінде өткен мерейтойлар мен атаулы даталарға арналды. Фестивальді ұйымдастырушылар үздік шығармашылық ұжым ретінде Филармония ұжымы арнайы сыйлық «Атаулы статуямен» ​марапаттады. 

Мәдениет саласының үздіктері: 1. Қамидолдин Қайрат Батырбекұлы – дәстүрлі әнші, бірнеше республикалық ән байқауларының лауреаты, халық және дәстүрлі ән өнерінің насихаттаушысы. 30 жылдан астам мәдениет пен өнер саласында қызмет атқаруда. 2. Малгаждарова Алмагул Нығметқызы – қыл қобыз аспабын меңгерген маман. Ширек ғасырға жуық мәдениет пен өнер саласында қызмет істеп жүрген әртіс-аспапшы. ​3. Салиева Күләнда Сайтмұхаметқызы​ - ​ оркестр домбырашысы, ұзақ жылдар бойы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрамында табанды еңбек етіп жүрген білікті маман. 4. Өмірбеков Нұрбек Қуандықұлы – әнші-вокалист, көптеген республикалық, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің қатысушысы және лауреаты.