БАҚ өкілдері жарыса жазған қорытынды кешіміз аяқталды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Мәдениет басқармасының Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған қорытынды көрерменсіз концерті өтті. 

БАҚ өкілдері жарыса жазған қорытынды кешіміз аяқталды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Мәдениет басқармасының Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған қорытынды көрерменсіз концерті өтті. Абай театрының сахнасында өткізілген шара толығымен бейнетүсірілім форматында болды. Алдағы уақытта желідегі жаңалықтарымызды жіті бақылаған көпшілік қорытынды концертті қай телеарнадан көре алатынын жеткіземіз.

Үстіміздегі жылдың басында Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың және Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Елорда төрінде «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты концерт өтіп, ұлы ақынның мерейтойлық шараларының басын бастап берген болатын. Жыл бойы түрлі форматта өткізілген шаралардың қорытынды кеші тарихи мәртебе берілген Семей қаласында өтуінің өзі заңдылық. Ертіс бойындағы «Әміре әлемі» және «Ертіс концерт» қос шығармашылық ұжымның өнерпаздарының қатысуымен Абай Құнанбайұлының мұрасы мен шығармаларына арналған әуезді әуен, көркем туындылармен сахна төрінен орын алды. «Абай операсындағы» ариялардың үзінділері композициялық көріністермен концерттік бағдарламаны толықтырып жалғап отырды.

Концерттік кешке арнайы шақырылған өнер қайраткерлері: Роза Қуанышқызы Рымбаева – Қазақстан Республикасының халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері (музыкалық сүйемелдеуде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Еркен Ынтықбаев); Гүлмира Сарина - ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші, сазгер.

Кеш соңында мәдениет пен өнер саласына қосқан ұзақ жылғы үлестері үшін мемлекеттік наградалар қатысушыларға тізім бойынша табыс етілді.