Белгілі өнер қайраткері дүниеден озды
Филармонияның директоры қызметін атқарған, оркестрде дирижерлық жасап, кәсіби деңгейге жеткізуге елеулі үлесін қосқан, жүздеген ән-күйлердің авторы, композитор, қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім беру ісінің үздігі, профессор Сейтқазы Оразғали Жүнісбекұлы дүниеден өтті. Филармония ұжымы атынан туған-туысқандарына қайғырып көңіл айтамыз! Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз... Әріптесіміздің өмір өткелдері туралы ақпар алғыңыз келсе

Қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразғали Сейітқазы өмірден өтті. Қасиетті Қарқаралы топырағында дүниеге келген Оразғали Сейітқазы Құрманғазы атындағы консерваторияның прима-қобыз сыныбын Фатима Балғаевадан, қылқобыз сыныбын Дәулет Мықтыбаевтан бітірді. Бұған қоса, Тұрғыт Османовтан дирижерлікті, Латиф Хамидиден музыкалық шығармаларды оркестрге түсірудің қыр-сырын үйренді. Болат Сарыбаев құрған оркестрдің мүшесі болды. Қазақ кино өнерінің классикасына айналған "Қыз Жібек", "Құлагер" фильмдерінің музыкамен көркемделуіне атсалысты. 1974 жылдан бері Семей топырағында жемісті еңбек етті. Осы жылдар аралығында қазақ ұлттық аспаптар оркестріне, үрмелі аспаптар оркестріне, симфониялық оркестрге, хорға, жекелеген музыкалық аспаптарға арнап талай шығарманы лайықтады. Ұстаз ретінде үш әдістемелік оқулық, оннан астам күй, отыздан астам ән жазды.
https://baq.kz/news/othernews/obyzshy-oraz-ali-seyit-azy-mirden-tti/