Дәстүрлі әншілердің онлайн-байқауы жарияланды

2020 жылдың 1 мен 5 қыркүйек күндері аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауын ұйымдастырады.

Дәстүрлі әншілердің онлайн-байқауы жарияланды

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2020 жылдың 1 мен 5 қыркүйек күндері аралығында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Ә. Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауын ұйымдастырады.

🔷️ Байқауға қатысу өтінімдері әндерді орындаған бейнематериалдармен бірге 2020 жылдың 30 тамызына дейін қабылданады;

🔷️ Байқау екі кезеңнең тұрады;

- Байқауға 18 бен 40 жас аралығындағы әншілер қатыса алады;

🔷️ Байқауға Әміре Қашаубаев атындағы республикалық конкурстың Бас жүлде иегерлері қатыса алмайды;

🔴 Байқау барысында ұйымдастыру алқасының инстаграмдағы @amire.filarmoniia.semei парақшасында ең көп лүпіл (лайк) жинаған қатысушыға «Көрермен көзайымы» жүлдесі берілетінін жеткіземіз.

- Байқаудың 1 кезеңінде

1. Әміре Қашаубаевтың үнтаспада сақталған репертуарынан 1 (бір) ән (қосымша 2)

2. Абай Құнанбайұлының бір әні (қосымша 3)

🔷️ Байқаудың 2 кезеңінде

1. Әміре Қашаубаевтың үнтаспада сақталған репертуарынан «Ағаш аяқ» әні (ер азаматтарға), «Дудар-ай» әні (қыз балаларға) міндетті;

2. Халық композиторлары немесе халық әндерінен 1 (бір) ән

🔷️ Байқауды өткізу форматына сәйкес 2020 жылдың 1 қыркүйегінде бір мезетте қатысушылардың бейнематериалдары ұйымдастыру алқасының инстаграмдағы @amire.filarmoniia.semei және фейсбуктегі Семей Филармония. паракшаларына салынады;

🔷️ Байқауды өткізу форматына сәйкес 2 кезеңге өткендердің тізімі 2020 жылдың 3 қыркүйегінде ұйымдастыру алқасының инстаграмдағы @amire.filarmoniia.semei және фейсбуктегі Семей Филармония. паракшаларында жарияланатын болады;

🔷️ Байқауды өткізу форматына сәйкес 2020 жылдың 4 қыркүйегінде 2 кезеңнің қатысушылары алдын ала белгіленетін кестеге сәйкес әділқазылар алқасымен әлеуметтік желідегі немесе басқа да байланыс құралдары көмегімен тікелей эфирге шығатын болады.

🔷️ Байқаудың барысын әлеуметтік желілерден қарап, арнайы бекітілген қазылар алқасы бағалайды. Нәтижесі 2020 жылдың 5 қыркүйегінде шығарылады