КЕЗ КЕЛГЕН БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ...

КЕЗ КЕЛГЕН БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ...
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын көпшілік ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайына тың серпін берер деген көңілмен қабылдады.

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония директоры Айбек Бекбосыновтың пікірі. Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз!

КЕЗ КЕЛГЕН БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ...

КЕЗ КЕЛГЕН БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ...
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын көпшілік ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайына тың серпін берер деген көңілмен қабылдады.
Жолдауда коронавирус індетінің салдарынан қашықтан жұмыс жасау формасын ойластыруды алға мақсат етіп қойып отыр. Осы орайда мәдениет пен өнер саласы қызметкерлері үшін де ойланатын дүние бар екенін көрсеткендей. Білім мен ғылым, денсаулық саласына көңіл бөлуді тапсыра келе, өскелең ұрпақтың қамын қазірден ойлау керектігін тілге тиек етті. Әлеуметтік желіде отыратын көпшілік үшін ыңғайлы онлайн платформаны ойластыру көзделді. Нақты тапсырмалар берілді. Осы платформаны мәдениет саласына да енгізу керектігін айтқым келеді. Нақты күрделі жағдайға байланысты санитарлық талаптарды орындау үшін де өте дұрыс шешім деп бағалаймыз.
Мемлекеттің алдында тұрған басты міндет экономикалық әлеуетті толық пайдалану. Экономикамыздың ілгері басуы халықтың әл-ауқатының одан әрі артуына себеп екені сөзсіз.
Мәдениет пен өнер қызметкерлері осынау заманда өз жұмыстарын тоқтатқан емес. Рухани азығы мол халық кез келген қиындықты жеңіп шығады. Біз біргеміз!
Айбек Бекбосынов, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония директоры