Онлайн байқаудың 2 кезеңі қорытындыланды

Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауының 2 кезеңі де артта қалды. Барлық жүлде салған әншілеріміздің бәйгелі орындарын 2020 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 15:00де инстаграмдағы @amire.filarmoniia.semei паракшасынан тікелей эфирден көріп біле аласыздар!

Онлайн байқаудың 2 кезеңі қорытындыланды

ШҚО мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2020 жылдың 1 мен 5 қыркүйек күндері аралығына жоспарланған Хәкім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының 75 жылдығына арналған Әміре Қашаубаев атындағы Республикалық «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты дәстүрлі әншілер онлайн-байқауының 2 кезеңі де артта қалды.
Сайдың тасындай іріктелген 11 қатысушы Ережеге сәйкес 2-ші кезеңде Әміре Қашаубаевтың үнтаспада сақталған репертуарынан «Ағаш аяқ» әнін (ер азаматтарға), «Дудар-ай» әнін (қыз балаларға) орындау міндеттелген болса, халық композиторлары немесе халық әндерінен бір әнді өз еріктерімен таңдап орындау көзделді. Байқауымыз онлайн режимінде болғандықтан марапаттау рәсімін де онлайн өткізу жоспарланды.
Алқа төрағасы, қоғам қайраткері Бекболат Қанайұлы бастаған қазылар ортақ шешімге келіп, өз ойларын ортаға салды. Қорытындысы әрқайсысына да оңайға соққан жоқ. Десе де, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.
Барлық жүлде салған әншілеріміздің бәйгелі орындарын 2020 жылдың 5 қыркүйек күні сағат 15:00-де инстаграмдағы @amire.filarmoniia.semei және фейсбуктегі Семей Филармония. паракшаларынан тікелей эфирден көріп біле аласыздар!