Танымал композитор жаңа туындыны оркестрге өңдеді

Халық музыкасын оркестрге салып өндеуші Ермұрат Үсенов арнайы сапармен Семейге филармонияның директоры Айбек Бекбосыновтың шақыруымен келді. Келгендегі себеп, күйші-композитор Айбек Бекбосынның су жаңа туындысы Хәкім Абай атамыздың 175 жылдығына арнап шығарған күйін оркестрге арнап түсіру еді.

Танымал композитор жаңа туындыны оркестрге өңдеді

Қазақтың біртуар перзенті, «Халық қаһарманы» Нұрғиса Тілендиевтің шәкірті республикалық композиторлар байқауының үш мәрте жеңімпазы, халық музыкасын оркестрге салып өндеуші Ермұрат Үсенов арнайы сапармен Семейге филармонияның директоры Айбек Бекбосынның шақыруымен келген болатын. Келгендегі себеп, күйші-композитор Айбек Бекбосынның су жаңа туындысы Хәкім Абай атамыздың 175 жылдығына арнап шығарған күйін оркестрге арнап түсіру еді. 4 күн бойы күн-түн демей, тапжылмай «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрімен жеке орындаушы автордың шығармасын ноталарға бөліп түсіріп, пысырып аудиожазба нұсқасын әзірлеуге ұшаң теңіз еңбегін аямады.
Алдағы уақытта бұл жазба арқылы бейнебаянның да тұсауын кесер уақытымыз жақын.
Бүкіл жұртқа сүйіншілеп, жаңа күйдің әуенін шығарар күнде жолыққанша.