Жаңалықтар

Тұңғыш президент күні

1 желтоқсан күні сағат 09:30-да "Қазақстан" ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасының арнайы қонағы ретінде күйші-композитор Айбек Бекбосынов өзінің авторлық "Елбасы толғауы", "Телқара" күйлерімен телекөрермен қауыммен қауышады.

"Жұлдыз TV" арнасында жаңа бейнебаян

Әріптесіміз Айдын Өмірбековтің орындауындағы "Елігім еркем" (Әні: Е. Хасанғалиев, Сөзі: Б. Тәжібаев) әніне түсірілген бейнебаян жарық көрді. Идея авторы Айбек Бекбосынов: "Жұлдыз TV" арнасының басшылығына шексіз алғысымызды білдіре отырып, алдағы уақытта үлкен жаңалықтармен жаңа бейнебаян түсіру жұмыстарын жалғастыратын боламыз" - дейді.

Телеарнада "ТЕЛҚАРА" күйі тілге тиек болды

ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші-композитор Айбек Бекбосынның жеке шығармашылығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған күйі жайлы сұхбат болды. Күйідің туындау барысы, түсірілген бейнебаянның жұмыстары мен қызықтары жайлы әңгіме қозғалды.

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ - ӘМІРЕ ӘЛЕМІ

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының арт-менеджері Асқар Құмар "SEMEI" телеарнасының "Сәлем, Семей!" бағдарламасында қонақта болып қайтты. "Сәлем, Семей!" бағдарламасының ютуб каналында сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы таба аласыздар: https://youtu.be/1fdbUwqBtQQ

Жаңа аспаптармен толығуда

Әміре әлемі «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің әртіс-аспапшылары Жүсіпбек Байжомарт - Домбыра-контрабас, Кокашев Дәурен – Домбыра-бас, Дүйсекенов Айдын – Домбыра-бас (электронды) жаңа аспаптарын қолға алды. Филармония директоры Айбек Бекбосынов: «Еліміздің кейбір оркестрлері қол жеткізе алмай жүрген мұндай аспаптарды арнайы тапсырыспен жасаттық, ол сендерге бұйырып тұр. Алдағы уақытта басқа да аспапшыларда дәл сендердей қуанышқа кеңелсе екен деймін» - деп, құттықтау сөзімен әріптестерге табыс етті.
 

"ТЕЛҚАРА" телеарнада

Филармония директоры, үлкен өнер иесі, күйші-композитор Айбек Бекбосынның «Телқара» атты күйінің тұсауы кесілді.
Ақпаратттық қолдау білдірген 25 жыл тарихы бар «Хабар» агенттігінің басшылығына алғысымызды білдіреміз.
Елдордамыз Нұр-Сұлтан қаласына жасаған іс-сапар барысында автор «Хабар» арнасымен ротация жөнінде Меморандумға қол қойып қайтты.

Шабыт «Шалқарда» оянғанда...

Жарты ғасыр радио арнада қызмет жасап келе жатқан «Шалқар» радиосының шаңырағында «Телқара» күйімен Айбек Бекбосынов. Радио эфирдегі өрбіген сұхбатты толығымен мына сілтеме арқылы өтіп тыңдай аласыздар!
https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/news/7993/

СҮЙІНШІ!!!!

Құрметті өнерсүйер қауым!
2020 жылдың 29 қазан күні сағат 12:00-де "Шалқар" радиосының толқыны қосулы болсын!
Филармония директоры, күйші-композитор Айбек Бекбосынның төл туындысы, Хәкім Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай шығарған "Телқара" күйінің тұсаукесер рәсімі өтеді.

Жаңа бейнебаянның тұсауы кесілді

"SEMEI" телеарнасында "Жайна, Семей" әніне жазылған бейнебаянның тұсаукесілді.
"Сәлем, Семей!" бағдарламасы арқылы қала жұртшылығына ұсынылған әннің авторы Болат Сыбанов. Әнді орындаушылар ҚР Мәдениет саласының үздіктері Қадылбек Маржан Омаровтар. Бейнебаянды "Әміре әлемі" ютуб каналынан көре аласыздар! Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=af72JD6GLA4 

Қос тұлғаның ұрпағы бас қосады

2020 жылдың 7 қазан күні сағат 16:00-де «Қазақ өнерінің Шамшырақтары» атты көрерменсіз концерті өтеді. Концерт қазақ музыкасының тарихында өшпестей із қалдырған қос тұлға Халық қаһарманы, әйгілі күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 95 жыл және қазақ вальсінің королі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай ұйымдастырылып отыр.

Шәмшіге арналған челлендж

Бар саналы ғұмырын әнге арнаған қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдық мерейтойына орай ұжым болып ән шырқап, бастау алған челленджге қолдау білдірдік. «Қазақконцерт» ұйымынан жолданған челленджді филармония ұжымы зор қуанышпен қабыл алып, Үкілі Ыбырай есімін иеленген өнер ұжымына челлендж жолдаған болатынбыз.

Халықаралық челлендж өз жалғасын табуда

Аңыз адам, елге ұран болған әніміздің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған Халықаралық челлендж өз жалғасын табуда.
Бұл жолы ҚР Мәдениет қайраткері Мапруза Утуленова мен ҚР Мәдениет саласының үздігі Гүлдана Ноғайбаеваларға эстафета қарт Шыңғыс жерінен жолданды. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағатаевадан қабыл алған тізбекті Абай елінің сәлемі болсын деп филармония әншілері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменоваға жолдады.
 

Жаз әуендерінен алғыс хат

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен бастау алған «Жаз әуендері» онлайн-жобасына атсалысқанымыз үшін «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы атынан Алғыс хат келіп жетті. Карантин уақытында өткізген бірнеше циклдық онлайн-концерттеріміз іріктелініп, ғаламтор желілеріндегі каналдар арқылы таратылған болатын.

Қазынасы бар ұжымбыз...

Қымбатты қазыналы буын ата-апаларым!
«1 қазан – Халықаралық қарттар күні» бір күнде ғана еленіп, ескерілетін мереке еместігін айта келе, атаулы мереке болғандықтан Сіздерге тек амандық пен саулық тілей отырып, мерекелік құттықтауымызды жолдаймыз.
Еңбек еткен бейнеттің зейнетін көріп отырған шақтарыңызда Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ өмір, сүйген ұрпақтың жылуы мен бақытын, қуанышы мен мейірім-ықыласын тілейміз!
Мерекелеріңіз құтты болсын!
Құрметпен, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры Айбек Бекбосынов

Халықаралық музыка күні

Құрметті әнсүйер қауым!
«1 қазан – Халықаралық музыка күні» болып белгіленіп, аталып жүргеніне биыл міне 47 жыл толып отыр. Еліміздің музыка саласында жүрген әріптестерімізге шығармашылық табыстар тілей отырып, ән мен жырды төгіп, күймен сырын ақтарар еңбектеріңіз сәтті болсын дейміз.
Музыка өнерінің биігінен көріне беріңіздер!
Құрметпен, Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының директоры Айбек Бекбосынов