Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының қолдауымен Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясы 2021 жылдың 28 сәуір мен 1 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай және Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған өңірлік, облыстық филармониялар мен концерттік ұйымдар арасында «Әлем халықтарының биі» Республикалық онлайн-фестивалін ұйымдастырып, өткізеді.
Семей өңірінде мың бұралған биімен көрерменге танылған талантты өнерпаздардың бірі - аққу болып таранып, жауқазындай ашылып сахнаның сәніне айналған, бар болмысымен қазақ халқының жанына жақын "Тұмар" би ансамблінің бишісі Айнұр Асхар туралы "Семей таңы" газетінің 2020 жылдың 26 мамыр күнгі №39 (19005) санында арнайы мақала жарық көрді.
Толығымен оқу үшін тақырыпты басыңыз
Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күніне орай құттықтау шарасы барысында Әміре филармониясының ұжымы Семей қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Әріптесіміз Төкей Нұрлан Төкейұлын "Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Дәуешов Нұрқиса Мұратұлы марапаттады.
«Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің бас аспапшысы Байжомарт Жүсіпбек Ғазизұлы ҚР Мәдениет және спорт министрінің Алғыс хатымен марапатталды.
Мәдениет пен өнер жолында 16 жылдан артық уақыт жемісті еңбек етіп келе жатқан, дарынды музыка маманы.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік гимнінің музыкалық авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай ШҚО Зайсан ауданында ақпан айының 28-29 күндері аралығында өткен «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауында жүлделі І-ші орын алған әріптесіміз, филармония әншісі Парасат Отанды шын жүректен жүректен құттықтаймыз!
Биыл Алаштың ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың бас ақыны деп таныған адамзаттың ақылманы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Әлбетте, Абайдың тойы - халықтың тойы. ...
Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясына күйші, композитор Айбек Бекбосынов директор болып тағайындалды.