Жаңалықтар

Сайлауға бір кісідей қатыстық

Бүгінгі күн - келешек үшін. Осы сәтті қалт жібермей, саяси науқаншылық деп қарамай, еліміздің болашағы үшін алаңдаған әрбір өнерпаз және өнер ордасын басқарып отырған филармония директоры Айбек Бекбосын мырза бастаған әріптестер толығымен сайлауға бір кісідей қатысты. "Әр қайсысы өз таңдауын жасады.
 

"Әміре" медалі мен Алғыс хаттар табыс етілді

Жыл басынан бері "Әміре әлемі" ұжымында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, Филармонияның құрылғанына мерейлі 75 жыл толуына орай бірқатар әріптестер "Әміре" медалі мен Алғыс хаттарға ие болды. Марапаттау рәсімінде сөз алған ұжым басшысы Айбек Бекбосын мырза: "Бұл марапаттар атқарылған жұмыстың жемісі, бұнымен тоқтап қалмай алдағы жылы екі есе еңбек етуге бастама болсын" - деп, түйіндеді.

Атаулы сый-марапат өз иегерлерін табуда

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен телевизия форматындағы «Сәлем, Елорда!» І республикалық өнер фестивалінің Статуясы беріледі және "Мәдениет саласының үздіктері" медалінің иегерлері асыға күтуде. Тоығырақ Тақырыпты басыңыз

Тұңғыш президент күні

1 желтоқсан күні сағат 09:30-да "Қазақстан" ұлттық арнасының "Таңшолпан" бағдарламасының арнайы қонағы ретінде күйші-композитор Айбек Бекбосынов өзінің авторлық "Елбасы толғауы", "Телқара" күйлерімен телекөрермен қауыммен қауышады.

Телеарнада "ТЕЛҚАРА" күйі тілге тиек болды

ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші-композитор Айбек Бекбосынның жеке шығармашылығы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған күйі жайлы сұхбат болды. Күйідің туындау барысы, түсірілген бейнебаянның жұмыстары мен қызықтары жайлы әңгіме қозғалды.

ӘҢГІМЕ ӨЗЕГІ - ӘМІРЕ ӘЛЕМІ

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының арт-менеджері Асқар Құмар "SEMEI" телеарнасының "Сәлем, Семей!" бағдарламасында қонақта болып қайтты. "Сәлем, Семей!" бағдарламасының ютуб каналында сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтеме арқылы таба аласыздар: https://youtu.be/1fdbUwqBtQQ