Жаңалықтар

Алғыс хат табысталды

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының атынан ұжым басшысы Бекбосынов Айбек Серикболсыновичке Алғыс айтқан лебізі келіп жетті.

Дүниені дүрбелеңге салған #коронавирус #пандемия кезінде өнерсүйер қауымды ән-бимен қауыштырған еселі еңбекті еңбек деп бағалау және де бұл Алғыс білікті басшы басқарып отырған бүкіл ұжымға арналып отыр.

ТҰҢҒЫШ БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

Шығыс Қазақстан облысында тұңғыш рет өткен Халықаралық домбырашылар байқауының 2-ші кезеңі онлайн жүргізілді. 12 қатысушы онлайн режимінде жекелей әділқазы алқасымен бір желіде сырттай жолықты. Қорытындыны ертең, 2020 жылдың 3 шілде күні сағат 14:00-де @amire.filarmoniia.semei парақшасының тікелей эфиріне қосылып біле аласыздар!

Домбырашылар байқаудың екінші кезеңіне өтті

Халықаралық домбырашылар конкурсы «Ұлттық домбыра күніне» орайлас ұйымдастырылғанын ұмытпауымыз керек. Әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес Ережеде сәл өзгерістер болды. Яғни, 2 кезеңге өткен қатысушылар саны азайды және жүлдеге ілінгендер саны артатын болады!

 

Байқауға 60-қа өтінім түсті

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін «Домбыра күніне» арналған «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты Халықаралық домбырашылар онлайн-байқауына 60-қа жуық өтінім келіп түсті. Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған онлайн-байқаудың 1 кезеңіне өткен домбырашылардың сандық көрсеткіші жағынан Алматы облысынан қатысушы саны көп.

 

Байқаудың жүлде қоры анықталды

Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Домбыра күніне» арналған «ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛАР...» атты Халықаралық домбырашылар онлайн-байқауының жүлде қоры белгілі болды.

Кеш болса да...

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні әріптестеріміз еңбек демалысында болатын. Карантин талаптарына сәйкес өткен мереке күніне орай онлайн режимінде үйдегі жағдайда еңбек атқарған ұжым мүшелерін құттықтау шарасы өтті.