Жаңалықтар

Жаңа аспаптармен толығуда

Әміре әлемі «Бибігүл» қазақ халық аспаптары оркестрінің әртіс-аспапшылары Жүсіпбек Байжомарт - Домбыра-контрабас, Кокашев Дәурен – Домбыра-бас, Дүйсекенов Айдын – Домбыра-бас (электронды) жаңа аспаптарын қолға алды. Филармония директоры Айбек Бекбосынов: «Еліміздің кейбір оркестрлері қол жеткізе алмай жүрген мұндай аспаптарды арнайы тапсырыспен жасаттық, ол сендерге бұйырып тұр. Алдағы уақытта басқа да аспапшыларда дәл сендердей қуанышқа кеңелсе екен деймін» - деп, құттықтау сөзімен әріптестерге табыс етті.
 

Шабыт «Шалқарда» оянғанда...

Жарты ғасыр радио арнада қызмет жасап келе жатқан «Шалқар» радиосының шаңырағында «Телқара» күйімен Айбек Бекбосынов. Радио эфирдегі өрбіген сұхбатты толығымен мына сілтеме арқылы өтіп тыңдай аласыздар!
https://qazradio.fm/shalqarfm/kz/news/7993/

Халықаралық челлендж өз жалғасын табуда

Аңыз адам, елге ұран болған әніміздің авторы Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығына арналған Халықаралық челлендж өз жалғасын табуда.
Бұл жолы ҚР Мәдениет қайраткері Мапруза Утуленова мен ҚР Мәдениет саласының үздігі Гүлдана Ноғайбаеваларға эстафета қарт Шыңғыс жерінен жолданды. ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Бақыт Шағатаевадан қабыл алған тізбекті Абай елінің сәлемі болсын деп филармония әншілері ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қарагөз Сүлейменоваға жолдады.
 

Танымал композитор жаңа туындыны оркестрге өңдеді

Халық музыкасын оркестрге салып өндеуші Ермұрат Үсенов арнайы сапармен Семейге филармонияның директоры Айбек Бекбосыновтың шақыруымен келді. Келгендегі себеп, күйші-композитор Айбек Бекбосынның су жаңа туындысы Хәкім Абай атамыздың 175 жылдығына арнап шығарған күйін оркестрге арнап түсіру еді.

КЕЗ КЕЛГЕН БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ...

КЕЗ КЕЛГЕН БАСТАМАНЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ...
ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын көпшілік ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайына тың серпін берер деген көңілмен қабылдады.

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармония директоры Айбек Бекбосыновтың пікірі. Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз!

Челлендж қабыл алынды және жолданды

Қазақтың ән өнерінде өшпес із қалдырған композитор, әнұранымыздың авторы, Халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Қазақконцерт» ұйымынан жолданған челленджді филармония ұжымы зор қуанышпен қабыл алды. Қарт Ертістің бойы ән атасы Әміре әлемінен киелі Көкше жері Үкілі Ыбырай есімін иеленген өнер ұжымына челлендж жолданды.