Жаңалықтар

Назар аударыңыз! Онлайн-байқау!

Шығыс Қазақстан облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен 2020 жылдың 28 маусым мен 2 шілде күндері өтетін Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Домбыра күніне» арналған «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты Халықаралық домбырашылар онлайн-байқауына Өтінім беру формасы

13 шілде Ұлттық аза тұту күні

13 шілде күні Астана уақыты бойынша сағат 12.00-де коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жарияланады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 13 шілде Ұлттық аза тұту күні болып жарияланатынын мәлімдеген болатын. «Көптеген елде жағдай бізден де қиын. Толығырақ Тақырып батырмасын басыңыз

Елорда күніне арналған концерт

Әміре Қашаубаев атындағы мемлекеттік филармониясының "Елорда күніне" арналған мерекелік көрерменсіз концертін бүгін, 6 шілде күні сағат 20:50-де "Семей" арнасынан көре аласыздар!

Жақыныңа жанашыр бол

#ЖақыныңаЖанашырБол айдарымен берілетін кешіміздің әншісі, Республикалық конкурстардың лауреаты Әйгерім Тоқтыбаеваның онлайн концерті 7 шілде күні  сағат 18:00-де тікелей эфирде fb.com/ Семей Филармония. @amire.filarmoniia.semei парақшаларында өтеді. 

Ұлттық домбыра күніне арналған концерт

2020 жылдың 5 шілде күні "Ұлтық домбыра күніне" арналған көрерменсіз өткен концертімізді "Семей" арнасынан сағат 21:00-де тамашалай аласыздар! 📺 @semeitv semeytv.kz/kz/online"Әміре әлемі" ютуб каналында 

https://www.youtube.com/watch?v=iTfM1RD7k2Q

Жаңа бейнебаян "Хабар" арнасында

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН! "Хабар" арнасында жаңа бейнебаянның тұсауы кесілді. Халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты, ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші-композитор Айбек Бекбосынның орындауындағы Түркештің күйі "Көңілашар" көпшілікке жол тартты. Мереке күні көңілдеріңіздің хошы келсін, домбыраның қоңыр үні еліміздің көгінде қалықтай берсін!

Онлайн марапаттау өтті

Халықаралықдомбырашылар онлайн-байқауының марапаттау рәсімі
1 орын Әділбеков Ерасыл -Алматы қ.
2 орын Талапхан Ерболат - ШҚО, 2 орын Сайырхан Ертіс - Нұр-Сұлтан қ.
3 орын Құдайбергенов Дарын - ШҚО, 3 орын Пазылов Серік - Алматы обл., 3 орын Омар Назира - Павлодар обл., 3 орын Серіков Әділет - ШҚО

Дипломанттар Тақырып батырмасын басыңыз!

ТҰҢҒЫШ БАЙҚАУ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ.

Шығыс Қазақстан облысында тұңғыш рет өткен Халықаралық домбырашылар байқауының 2-ші кезеңі онлайн жүргізілді. 12 қатысушы онлайн режимінде жекелей әділқазы алқасымен бір желіде сырттай жолықты. Қорытындыны ертең, 2020 жылдың 3 шілде күні сағат 14:00-де @amire.filarmoniia.semei парақшасының тікелей эфиріне қосылып біле аласыздар!

АРМАН ӘНІМ!

Әріптесіміз, әнші Мадина Ущалова "Арман әнім" атты онлайн концертін өткізді.  Онлайн концерттеріміз парақшаларымыздың тікелей эфирлерінде жалғасын табуда.

 

Домбырашылар байқаудың екінші кезеңіне өтті

Халықаралық домбырашылар конкурсы «Ұлттық домбыра күніне» орайлас ұйымдастырылғанын ұмытпауымыз керек. Әділқазылар алқасының шешіміне сәйкес Ережеде сәл өзгерістер болды. Яғни, 2 кезеңге өткен қатысушылар саны азайды және жүлдеге ілінгендер саны артатын болады!

 

Онлайн концерттер жалғасуда

Республикалық конкурстардың лауреаты Бақытжан Түктібаев филармонияның әлеуметтік желідегі тікелей эфир арқылы дәстүрлі ән өнерімен көрерменге шықты 

Байқауға 60-қа өтінім түсті

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында өтетін «Домбыра күніне» арналған «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты Халықаралық домбырашылар онлайн-байқауына 60-қа жуық өтінім келіп түсті. Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отырған онлайн-байқаудың 1 кезеңіне өткен домбырашылардың сандық көрсеткіші жағынан Алматы облысынан қатысушы саны көп.

 

Байқаудың жүлде қоры анықталды

Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Домбыра күніне» арналған «ҚҰЛАҚТАН КІРІП, БОЙДЫ АЛАР...» атты Халықаралық домбырашылар онлайн-байқауының жүлде қоры белгілі болды.

Тұңғыш Халықаралық домбырашылар онлайн байқауы өтеді

Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы аясында «Домбыра күніне» арналған «Құлақтан кіріп, бойды алар...» атты Халықаралық домбырашылар онлайн-байқауын жариялайды!  

Кеш болса да...

21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні әріптестеріміз еңбек демалысында болатын. Карантин талаптарына сәйкес өткен мереке күніне орай онлайн режимінде үйдегі жағдайда еңбек атқарған ұжым мүшелерін құттықтау шарасы өтті.

31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

«Алаш тақырыбына арнап күй шығарған соң, Алаштың астанасы Семейге қайта табан тіреген соң «Алаш» күйін тағы бір мәрте бабалар рухына арнаймын. Жасасын, алаш, жасасын!» - деп, филармонияның директоры Айбек Бекбосын, өзінің ойымен бөлісіп,бейнебаянды әлеуметтік желілеріндегі парақшаларында салды. Бейнебаянды филармонияның «Әміре әлемі» youtube.com каналынан мына сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=seU2gbiXc